• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Кітап көрмелер

"Бір өлке-бір тұлға"- 2023: Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф, ғалым - Серікбол Қондыбай

Облыстық кітапханасының өлкетану залында "Қазақ рухының символы" атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады! 

Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023  өлкетану акциясы -  әдебиеттерін насихаттау бойынша Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф ғалым - Серікбол Қондыбай шығармалары таңдалды.

Серікбол Әділбекұлы Қондыбай Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде 1968 жылы 14 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003), «Арғықазақ мифологиясы» (2004), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005), «Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар.

Серікбол Қондыбай Әділбекұлы  аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған ғалым. «Қазақ мифологиясы» атты жаңа ғылымның ірге тасын қалаған ерекше дарын иесі шалғайдағы Шетпе кентінде он жылға жуық төсекке таңылып жатып, ғылыми ортаны елең еткізер оннан астам кітап жазды.

Құрметті оқырмандар, кітап сүйер қауым! Сіздерді "Маңғыстаудың таңдаулы тұлғасы - 2023" облыстық акцияға ұсынылған С.Қондыбай шығармаларын оқуға шақырамыз.

Өлкетану залында "Қазақ рухының символы" атты кітап көрмені тамашалауға шақырамыз! 

: 16:19  


Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 2024 жылдың мерейтой иелеріне, атаулы даталарға арналған кітап көрмелер кітапхана бөлімдерінде ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Апталық көрме өз жұмысын бастады! 30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының өлкетану залында "Қазақ рухының символы" атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады!  Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023  өлкетану ...

Жаңалыққа өту  

"Бір өлке - бір тұлға" өлкетану акциясы аясында Маңғыстаудың бір туар азаматы, қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 130 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы мерейтой иелеріне арналған "Ұлт мақтаныштары" атты кітап көрмесі кітапхана кіріберсінде ұйымдастырылды. Көрмені Бірге тамашалауға ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Ай-стоппер" көрмесінің тақырыбы "Көңіл түсі - көк!". Келіндер, бірге оқиық! ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай "Абай халық жүрегінде" атты кітап көрмесі кітапханамыздың өнер бөлімінде өз жұмысын бастады. ...

Жаңалыққа өту  

11 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын" атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу